Ассалаумағаликум уа рахматулахи уа баракатух! Ер балаға шашына химия, яғни бұйра салдыруға бола ма? Шариғатта рұқсат етілген бе?
|
Ер баланың шашын бұйралатуы шариғатқа қайшы ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Егер жергілікті әдет-ғұрыпта бар амал болса, ұл баланың шашын бұйралатуының күнәсі жоқ. Өйткені «әл-Ъадәту мухәккәмә», шариғатта үкімі жоқ мәселелерге жергілікті әдет-ғұрып төреші.
Бірақ ұл балалардың шаштарын бұйралатуы жергілікті қоғамда әбес саналса, немесе бұйралатудағы ниеті мұсылман емес бір қауымға еліктеу болса, онда мәкруһ болады.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?