"Ешкімнің іші жүрмей арақ құйдық, бірақ артынан сойып алдық, еті адал ма?"
"Ешкімнің іші жүрмей арақ құйдық, бірақ артынан сойып алдық, еті адал ма?"
1 жыл бұрын 5431

Әссәләәму алейкум! Ұстаз бір ешкі ауырып қалып, мүлдем еш нәрсе жемей қойды. Әлсіреп кетті, сосын мал дәрігеріне айтып едім іші қатып қалған шығар, арақ пен пісте майын араластырып бер деді басқа дәрі жоқ па, деп едім, жоқ, деді. Сосын, бердім бірақ әсер етпеді, сосын 6, 7 сағаттан соң сойып алдық. Енді оның еті қалай болады? Сағындық.

Бисмилләһир рахманир рахим

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Орта ғасырда өмір кешкен Ханафи ғалымы Бәдруддин Аини (м. 1361-1451 ж) шарап ішкен малдың еті жайында былай деген:

«Малды шараппен (хамр) суғаруға болмайды... Егер, шарап ішуі әдетке айналып, өнешінен шараптың иісі шығып тұратындай күйге жетсе, онда түйе - бір ай бойы қамауда ұсталып, одан кейін еті желінеді. Сиыр - жиырма күн, қой – он күн, ал тауық – үш күн қамауда ұсталады»1.

Әйтсе де, сіздің жағдайда түсінгенім ешкінің аузынан бір-ақ рет арақ құйылған. Бір-екі кезге арақтың уыты малдың етіне сіңіп үлгермейтіндігі анық, сол себепті еті адал, жуып, жей берсеңіздер болады.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!  


1  Бәдруддин әл-Айни: әл-Биная – 12/357 бет. 

Абдусамат Қасым