«Жын» деген шемішкені шағуға бола ма? Дәурен.
«Жын» деген шемішкені шағуға бола ма?
|
![«Жын» деген шемішкені шағуға бола ма?](https://static.islam.kz/uploads/images/Ppy/G8I/61ZPcVOlaJgvc6Df-lg.jpg)
Қадірменді Дәурен, маңыздысы – ішкен асымыздың құрамы. Құрамы харам заттардан таза әрбір ас – халал. Сыртқы қорабындағы салынған суреттер және жазылған сөздер - ішіндегі тағамның халал немесе харам болуына әсерін тигізбейді. Сондықтан да, сіз сұрап отырған шемішкені шағуға болады. Сыртқы қалтасындағы сурет пен жазу – ішіндегі шемішкенің адалдығын жоймайды.