Әссәләмуғалейкум уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Біз бренд киімдер шығарамыз. Киімдерімізде Құран аяттарын жазсақ дейміз. Осыған не дейсіз? Рақмет.
|
Киімге Құран аяттарын жаздырса бола ма?
|
Әлхәмдулиллә. Уассәләту уәссәләму аля Расулиллә.
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құрметті сауал жолдаушы, Құранның қасиетті аяттарын киімге жазуға болмайтындығын айта кету керек. Себебі, киімнің қалай болса солай әр жерде жататындығы белгілі, жуылар кезде де өзге кірлермен араласып жуылады және киген кісі онымен әжетханаға кіреді. Ендеше, киімге Құран аяттарын жазу аяттың қадір-қасиетін төмендететіндіктен, Құран аяттарын киімге жазу шариғи тұрғыда құпталмайды. Аллаһу аъләм! Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?