Көкпар тартуға бола ма?
Көкпар тартуға бола ма?
8 жыл бұрын 6811

Сұрақ №1: Әссәләмуғалейкум! Исламда көкпарға не дейді? Көкпар спорты дұрыс па? Нұрперзент Қыпшақпай

Сұрақ №2: Әссәләмуғалейкум! Көкпар жайында не айтасыз? Шариғатта үкімі қалай?  Нұрлыбек Еркінбеков

Уағалейкумәссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. 1949 жылдан бастап бұл ойынға арнайы ережелер бекітілкен. Ойын ережесіне қауіпсіздік шаралары енгізіліп, бүгінде, арнайы төрешінің қадағалауымен өтетін болды[1].

Пайғамбарымыз (с.а.у.) ат және түйе жарыстарына, садақ атып, нысанаға дәл тигізу жарыстарына рұқсат бергендігі бәріне мәлім[2]. Пайғамбарымыздың бұл рұқсатының астарында әскери машықтану жатыр деп алсақ: «көкпар тарту да әуелде әлеуметтік мәні бар әскери машықтың қажетінен туған» дейді зерттеушілер[3]. Сондықтан да, ережеге сай қауіпсіздік шаралары сақталатын болса, көкпар тартудың күнәсі жоқ деген ойдамыз. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! 


[1]Көкпар – ұлттық ойын. Бекен Қайратұлы. Мақала. 
[2] Тирмизи
[3] Ә. Қалиұлы: «Қазіргі көкпар тарту әуелде әлеументтік мәні бар әскери машықтың қажетінен туған. Түркі қағандығы кезіндегі «дербес жасақты» осындай жаттығудан өтіп, сыналған жауынгерлерден жасақтаған. Әскери машықтың бұл түрі бейбіт күндерде көкпар тарту ойынына ұласып отырған».Бекен Қайратұлы. Көкпар – ұлттық ойын. Мақала

Абдусамат Қасым