Ассаламуғалейкум! Мәйіттін протезін бірге көмуге бола ма?
|
Мәйіттің тіс протезін бірге көмуге бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм!
Мәйіттің алмалы-салмалы тіс протезін және аяқ, не, қол протездерін алып, мәйіттің денесін өзінің табиғи қалыбымен жерқойнауына тапсырған жөн. Бұл - оңай алынып-салынатын жасанды ағзаларға қатысты. Ал оңай алынбайтын – салынған тіс, пломба, жасанды жүрек т.б. алынуы қиын және алынуы мәйіттің денесіне зақым келтірер жасанды ағзаларды алмай, олар сол күйінше мәйітпен бірге көміледі. Аллаһу аъләм! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
islam.kz