Малға таңба салуға бола ма?
Малға таңба салуға бола ма?
|
Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.
Малдың бетіне таңба салу харам. Сахаба Жәбір (р.а.): «Алла елшісі (с.а.у.) беттен ұруды және бетке таңба басуды тыйды» деген. (Тирмизи, «Сүнән»). Басқа хадисте «малдың бетінен ұрғанды және малдың бетіне таңба басқанды лағынеттегенімді естімедіңдер ме?» - деген болатын. (Әбу Дәуід, «Сүнән»).
Алла елшісінің «бетіне таңба баспаңдар» деуінен - малдың өзге ыңғайлы, қатты азапталмайтын жеріне таңба салуға болады дегенді түсінеміз. Өйткені, малға таңба салу қажеттіліктен туындайтын амал, қажетсіз таңба салмаған абзал.
Көп оқылғандар
■
Қабір басына ағаш егуге бола ма?
■
Мешітке кірген сайын мешіт ақысын (сәләм намазын) оқуым керек пе?
■
Жұмада екі құтпа арасында дұға етілгенде қол жайылмайды деген рас па?
■
Әйелімді сүймеймін деп ант еткен болсам, оның үкімі не болады?
■
Вагиналды бөлінулердің қайсысы дәретті бұзады? (әйелдерге қатысты)