Әссәләм әлейкум! Қымызды мас болғанша ішу кунә ма?
|
Қымызды мас болғанша ішу күнә ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Мас болу деп, көкті - жерден, әйелді - еркектен ажырата алмайтын күйді айтады. Егер көп ішкенде осындай мас күйге жеткізер қымыз түрі бар болса, ондай қымыз түрін Имам Ағзам Әбу Ханифаның қағидаты бойынша, аз ішуге болады, көп ішуге болмайды. Ал Имам Мұхаммед бойынша, көп ішкенде мас қылатын қымызды аз ішуге де болмайды. Әрине, бұл қымыз сынды негізі алкогольсіз болып табылатын сусындарға қатысты үкім, ал шарап, арақ іспетті нақты алкогольді ішімдіктердің азын да татып алуға болмайды. Аллаһу аъләм!
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?