Нұрлыбек Сабырғалиев: Ассаляму алейкум, ұстаз! Қол сағатын сол қолға тағуға болады ма екен? "Оң қолға тағу керек. Себебі Алла елшісі ﷺ оң жақты жақсы көретін еді" дейді кейбірі. Бірақ бұл хадиске қол сағатты сол қолға тағудың еш қатысы жоқ шығар. Әлде сүннетке қайшы амал істеп жүрмін бе?
Сағатты сол қолға тағуға бола ма? Сүннетке қайшы емес пе?
|

Бисмилләһир рахманир рахим, уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Мұсылман адам ыңғайына қарай қол сағатын оң қолына да, сол қолына да таға алады, оның діні тұрғыда әбестігі жоқ. Риуаяттардан Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сақинасын кейде оң қолына, кейде сол қолына да тағатын кездері болғанын ұғамыз1. Осыған орай Ханафи мәзхабында сақинаны сол қолына таққан абзалырақ, оң қолына тағудың да әбестігі жоқ2.
Ендеше, кісі ыңғайына қарай сағатын сол қолына да, оң қолына да тағуына ерікті, ол сүннетке қайшы болмайды.
Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
1Сахаба Әнәс (р.а.): «Алла елшісінің (с.а.у.) сақынасы мына саусақта болған» деп, сол қолының шынашағын көрсетті». Имам Мүслім: «Сахих Мүслім».
2Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр».