Ассаламуғалейкум! Тик-ток желісінен "Сәкинә дұғасы" жайлы видео ректен шығып еді. Бұл дұғаның шығу тарихын, мағынасын, оқылу мақсаты мен әдебін түсіндіріп берсіңіз!
|
«Сәкина дұғасы» жайында не айтасыздар?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
«Сәкина дұғасы» деп аталатын арнайы дұға түрі сахих риуаяттарда кездеспеген және кімнің шығарғаны әрі қашан шыққаны белгісіз. Дегенмен, оған мағыналас өзге дұға мәтіндерін хадистерде кездестіруге болады. Сондықтан да, «Сәкина дұғасы» мазмұны жөнінен жақсы мағыналарды қамтитындықтан, оны дұға ретінде оқудың әбестігі жоқ. Дұғаның хадис, не, аяттан алынған болуы шарт емес. Егер мазмұны жөнінен дінге сай болса, оқып, тілек тілеуіне болады. Қазақшалап та өз тілімен дұға жасауына рұқсат.
«Сәкина дұғасы» деген, жүрек тыныштығы, жан тыныштығы дұғасы деген мағынаны білдіреді. Бұл дұғаның бірнеше нұсқасын интернет кеңістігінде кездестіруге болады. Соның бір нұсқасын төменде беріп отырмыз:
«Аллаһумма инни ас'алюка әс-сакината фи нафси,
уат-тума’нината фи қалби,
уәр-рида бима қасамта ли.
Аллаһумма имлә' қалби бил-имани уәс-сәбат,
уа әбъид ъанни әл-қалақ уәл-хузн,
уарзуқни сәләмәтә-н-нәфси уәр-рух.
Аллаһумма-ижъал ли мин кулли ҳаммин фәражан,
уа мин кулли дийқин махражан,
уа мин кулли балааин ъафия,
уарзуқни-т-тумa’нината уәс-сакината
фи кулли әмрин әхузуh.
Дұғаның аудармасы:
«Уа, Раббым! Жаныма тыныштық, жүрегіме толық сенім мен орнықтылық бер, әрі маған жазған тағдырыңа разылық бер. Раббым, жүрегімді иманмен және беріктікпен толтыр, мені уайым мен қайғыдан алыс қыл. Маған жаным мен рухымның амандығын нәсіп ет. Уа, Раббым! Әрбір уайымнан – жеңілдік, әрбір тарлықтан – шығу жолын, әрбір сынақтан – амандық бер. Қолға алған әрбір ісімде жүрек тыныштығы мен жан жайлылығын нәсіп ет».
Осы тұрғыда тағы айта кетелік, «Сәкина дұғасы» деген атпен басқа да нұсқаларын кездестіруге болады.