Тойларда әйелдер мен еркектердің бір үстелде араласып отырулары діни тұрғыда дұрыс па?
Тойларда әйелдер мен еркектердің бір үстелде араласып отырулары діни тұрғыда дұрыс па?
2 күн бұрын 565

Әссәләму ъаләйкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Ұстаз, тойда ер адамдар мен әйел адамдардың бір үстелде араласып отыруының үкімі қалай болады екен? Соған жауап берсеңіз! Абдунұр.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ислам әдебі бойынша, тойда әйелдер бөлек, ерлер бөлек отырулары тиіс. Біздің қоғамда белең алғанындай, той-томалақтарда бір-біріне туыстығы жоқ әйелдер мен еркектердің бір үстелде отыруларын дініміз құптамайды. Сондықтан да:

  • Лаж болса, әйелдер қауымын бөлек, ерлер қауымын бөлек отырғызған — нұр үстіне нұр болмақ.

  • Не болмаса, әр үстелге бір-біріне жақын туыстар отыратындай етіп тізімді реттеген жақсы. Мысалы: әкесі, баласы, анасы, әпкесі, апасы, немере ағасы, туған жеңгесі, т.б.

Мүмкіндігінше, той иесі осылай реттеп, қонақтар арасындағы бір-біріне бөтен әйел кісілер мен ер адамдарды араластырып отырғызбауға тырысқаны — Ислам әдебіне сай іс.

Ең дұрысы — Аллаға мәлім!
Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым