Ассаламуғалейкүм! Пітір ретінде киім алып берсе бола ма? Ержан.
|
Пітір садақасын киім түрінде берсе бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ханафи мәзхабында пітір садақасын ақшалай және заттай берсе болады. Мақсат - мұқтаж адамның мұқтаждығын кетіру1. Сондықтан, егер киімге мұқтажырақ болып тұрса, беретін пітірінің құнына киім алып берсе де болады.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
1 Ибн Ғабидин: «Родуль Мұхтәр». 3\322 бет., Имам Кәсәни: «Бәдәиъус Санаиъу», 2\543 бет.
Өзекті сұрақтар
■
Біреудің сәлемін алғанда, естірмей жауап берсе бола ма, әлде естіру керек пе?
■
Намазда рүкуға барғанда зам сүрені оқуды ұмытып кетсек, не істеуге болады?
■
Әйелім баптист дінінде екен. Некеміз не болады?
■
Сәжде аятын қазақша мағынасынан оқыса да сәжде жасау керек пе?
■
«Шот-фактураға» артығымен көрсетіп, артығын өзім алсам бола ма?»