Ассаляму алейкум! Түннің үштен бір бөлігі қай уақытта? Жазира.
|
Түннің соңғы үштен бір бөлігін қалай білуге болады?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Шариғи тұрғыда түн – ақшам намазы уақытысында басталып, таң намазының уақыты кіргенге шейін жалғасады. Ендеше, түннің үштен бір бөлігін білу үшін ақшам намазы мен таң намазының арасындағы уақытты анықтап, соны үшке бөлу керек.
Мәселен, бүгін (28.01.20) Алматы қаласының намаз кестесі бойынша ақшам намазы 18:01 кірсе, таң намазының уақыты - 06:51. Арада шамамен 14 сағаттай уақыт бар. Мұны үшке бөлсек, төртке тең (4,5). Ендеше, таңға дейінгі төрт сағаттық уақыт – түннің соңғы үштен бір бөлігі деген сөз. Сонда, қазіргі таңда түннің соңғы үштен бір бөлігі – 02:51 мен 06:51 дейінгі аралық екен.
Бұл уақыт - мезгілге қарай өзгереді. Бірақ алгоритмі сол.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?