Ассәләмуғалейкум! Амансыз ба? Түсімде тістерімнің бәрі түсіп жатыр екен, не нәрсеге ишара? Нұри.
|
Түсімде тістерімнің бәрі түсіп қалыпты. Ол ненің белгісі?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Орта ғасырда өмір кешкен Ханафи ғұламасы, сопы Абдулғани ән-Нәблүси әл-Ханафи рахимаһуллаһ (мил. 1641-1731 ж.) түстердің жорамалына байланысты жазған еңбегінде, "түсінде тістерінің түскенін" көруді былай деп жорамалдаған екен, оның жорыған жоруы сіздің түсіңізге де жауап болады деп ойлаймын:
- «Адамның түсінде тістерінің түсуі – замандарстарының бәрінен ұзақ жасайтындығына ишара.
- Егер түсінде тістері түгел түсіп қалып, оларды жеңіне немесе киімінің етегіне жинай бастағанын көрсе, бұл оның картайып тістері түскенге дейін ұзақ ғұмыр кешетіндігіне және ұрпағының саны көп болатындығына ишара.
- Егер түсінде тістерінің бәрі түсіп қалып, көзінен ғайып болса, бұл оның (ұзақ жасап), отбасы мүшелерінің бәрі бақилық болғаннан кейін барып, дүние салатындығына ишара...
- Кімде-кім жоғарғы тістері қолына түскенін көрсе, бұл оған мал бітетіндігін білдіреді. Егер етегіне түссе, ұл перзенті болатындығын білдіреді, ал жерге түссе өлім қайғысына ишара.
- Кімде-кім астыңғы тістері түсіп қалғанын көрсе, онысы - қатты уайым-қайғыға, ауруға ишара.
- Кімнің мойнында өтей алмай жүрген қарызы болып, ол түсінде тістерінің түскенін көрсе, бұл оның қарызынан құтылатындығын білдіреді»1
Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Алла Тағала баршамызға тек жақсылығын берсін, жамандығынан сақтасын!
1 Ибн Сирин, Абдульғани ән-Нәблуси: «Мұъжәму тәфсириль Әхләм» («Түстердің тәпсірі сөздігі»). Араб тілінде. 535 бет.