Ұялы телефонға нәжіс тисе, оны қалай тазартсақ таза саналады?
Ұялы телефонға нәжіс тисе, оны қалай тазартсақ таза саналады?
4 жыл бұрын 3183

Ассаламуғалейкум уа рахматуллаһ! Телефонның бетіне нәжіс тиіп, кеуіп кетсе, қалай кетіреміз?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Айна, әйнек, орындық сияқты беті жылтыр, тегіс әрі су сіңдірмейтін заттарға нәжіс тисе, оны дымқыл шүберекпен сүртіп тазартуға болады делінген[1]. Өйткені, мұндай жылтыр әрі қатты заттарға нәжіс тиген жағдайда нәжіс сіңбей заттың бетінде тұрақтайтындықтан сүрту арқылы нәжістің көзін жою жеткілікті саналған[2]. (Бірақ, пышаққа нәжіс тиген жағдайда, оны жуу шарт дейді Имам Мұхаммед).

Сондықтан да, ұялы телефоныңызға нәжіс тиген жағдайда ол жерді үш рет дымқыл шүберекпен сүртіп тазалауыңыз жеткілікті, жуудың қажеті жоқ.


[1] Ибн Ғабидин: «Раддуль Мұхтар». 1/511 бет; Бәдруддин ал-Айни: «әл-Бинәя». 1/718 бет; "әл-Фәтәуә әт-Тәтәрхания".
[2] Жылтыр әрі тегіс делінуінің себебі: егер жылтыр болмай тат басқан болса немесе тегіс болмай оюлы, нақышты болса, яки, тесіктер бар болса, оларды тазалау үшін сүртіп қана қою жеткіліксіз делінген.

Абдусамат Қасым