Ысқырудың үкімі қандай?
Ысқырудың үкімі қандай?
10 жыл бұрын 7481

Ысқыру жайында тоқталып өтсеңіз! Ысқыру күнә ма? Ақерке.

Ақерке, Ислам діні келмей тұрып, Жәһил дәуіріндегі арабтар кағбада жасаған ғибадаттарын  қол шапалақтау және ысқыру арқылы орындайтын болған. Олардың осы әрекеттерін Алла тағала сынап Құранда Әнфәл сүресінде былай дейді: «Олардың кағбадағы құлшылықтары тек ысқыру мен қол шапалақтау ғана еді...»[1].

Сахаба Ибн Аббастың да айтуы бойынша, Ислам келмей тұрып құрайш тайпасының арабтары қол шапалақтап және ысқырып, кағбаны жалаңаш тауаф ететін[2].

Дегенмен, ысқырық қолдану кей жағдайларда қажет болып жатады. Әсіресе, қазіргі таңда ысқырық жол сақшылары мен әртүрлі спорт жаттықтырушыларының құралы болып есептеледі. Сондықтан да айтарымыз, керексіз жерде, жайшылықта ысқырып жүруді әдетке айналдырмаған жөн. Ең дұрысын Алла біледі!

[1]Әнфәл сүресі –№35аят.
[2]Құртуби, Әнфәл сүресі, №35 аят тәпсірі.

Абдусамат Қасым