Егер күйеуі әйеліне жақындамаса, періште лағынет айта ма?
Егер күйеуі әйеліне жақындамаса, періште лағынет айта ма?
6 жыл бұрын 14942

Сәлеметсіз бе! Егер күйеуі жақындамаса ше, онда да періште лағынет айта ма? 

Сәлеметсіз бе!

Хадис күйеуі шақырғанда себепсіз бас тартқан әйелдерге қатысты айтылады. Төсекке шақырғанда себепсіз бас тартып, ері соған ашулы күйі ұйықтаған болса, періштелер таң атқанға шейін ол әйелге лағынет айтады делінеді хадисте[1]. Бірақ, кейде зайыбы ауырып тұруы мүмкін, Рамазан оразасын не қаза оразасын ұстап жүрген болуы мүмкін, яки қатты шаршап мұршасы болмай жатқан болуы мүмкін. Мұндайда түсіністік танытқан жөн.

Ал, әйелі шақырып, ері бас тартса ше, періште лағынет айта ма? Ері бас тартқан жағдайда періштенің лағынет айтатыны жайында хадис келмеген. Алайда, әдейі ешқандай себепсіз жақындамай жүруі - әйелінің ақысын жегендік болмақ. Бұл да күнә. Әйелінің еріндегі ақысының бірі – төсек қатынасы. Сондықтан да, ең аз төрт күнде бір рет зайыбымен қатынасқа түсуі мұстахаб саналған. Ал, оны төрт айға дейін себепсіз кешіктіруі - күнә. Аллаһу аъләм!  


[1] Сахих Мүслим: «Егер ері әйелін төсегіне шақырғанда, бас тартса және сол себепті ері ашулы күйі жатса, періштелер таң атқанға шейін ол әйелге лағынет айтады». (Хадис сахаба Әбу Һурайрадан жеткен).

Абдусамат Қасым