Әссәләмуғалейкум! Бөлелердің некесі қиыла ма? Соны сұрайын деп едім. Екі бөлелер үйленгелі жатыр. Екі әпкелі-сіңлілердің балалары. Солардың некелерін қидырса бола ма? Шариғат осындай жағдайға қалай қарайды? Марат
|
Шариғат бойынша бөлелер некелесе ала ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Әпкелі-сіңлілі адамдардың балаларын "бөле" дейді. Шариғат бойынша, бөлемен некелесу - неке кедергілеріне жатпайды. Сол себепті, некелесулеріне рұқсат. Бірақ, міндетті емес. Сондықтан да, мұндай мәселеде жергілікті салт-дәстүр мен менталитетті назарға ала отырып шешім қабылдаған абзал.
Неке кедергілері жайында мына бір сілтемені оқып көрсеңіз болады: http://islam.kz/kk/questions/januya/neke/sharigat-boiynsha-kimdermen-nekelesuge-bolmaidy-67/
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?