Тұрмыс құрмаған қыз жұмаққа кірмей ме?
Тұрмыс құрмаған қыз жұмаққа кірмей ме?
6 жыл бұрын 11037

Тұрмыс құрмаған қыз жұмаққа кірмей ме? Сымбат.

Құрметті Сымбат, пейішке кіруіне ол нәрсе кедергі емес. Мариям анамыз да тұрмыста болмаған. Кейбір Ислами әдебиеттерде Мариям анамыздың есімі аталғанда «әл-Бәтүл» тіркесі қосарлана айтылады. Бәтүл - ешкіммен некелеспей, өзін құлшылыққа арнаған әйел ұғымында. 

Дейтұрғанмен, мұнымыз «үйленбеу керек» деген сөз емес. Пайғамбарымыз айтпақшы, дініне берік әрі әдепті мұсылман кездесіп, үйленуге көңіл білдіріп жатса, тұрмыс құрғанға не жетсін. Алла елшісі (с.а.у.) өзінің асыл сөзінің бірінде, қыздың қамқоршысына қарасты былай деген:

«Егер сендерге діндарлығы мен әдебі ұнаған біреу айттырып келсе, оған үйлендіріңдер. Олай етпеген жағдайда, жер бетінде бүлік пен азғындық етек алады»[1]

[1] Тирмизи: Никах – 1084 хадис.

Абдусамат Қасым