Ұнамаған қызбен үйленуге бола ма?
Ұнамаған қызбен үйленуге бола ма?
1 жыл бұрын 3139

Туған-туыс, жора-жолдастардың тандап бергені ұнамай тұрса, өзіңнің ойындағыдай қыз болмаса ала берсе бол ма? Ұнатпаса да жан жақтан үйлен жасың келді сұр Боидақ болып  қалдың деп жатса, сондай кезде ұнамаған қызды ала беруге бола ма?

Құрметті сауал жолдаушы, ұнатпаған қызбен үйленудің күнәсі жоқ, әркімнің өз еркі біледі. Дейтұрғанмен, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Оны көр! Көру – араларыңды нықтай түседі»[1] деген сөзінің астарында «ұнату» түсінігі тұрғандығы мәлім. Кісі өзі ұнатқан қызын алғаны абзал. Бірақ үйленгеннен кейін де махаббат орнауы мүмкін екендігін жоққа шығара алмаймыз. Алла Тағаланың мына аяты соған ишара: «Және сендердің араларыңа сүйіспеншілік пен мейірім жаратты»[2]. Сондай-ақ, кейде бауырмалдық пен ұнату сезімі жүре келе туындауы мүмкін.

Ендігі жерде сізге айтар кеңесіміз: егер екі ойлы болып, бір шешімге келе алмай тұрсаңыз «Истихара» намазын жеті күн оқыңыз. Одан соң жүрегіңізге үңіліңіз. Жүрегіңіз не дейді, соған қарай әрекет жасарсыз. Алла тауфиқ берсін!


[1] Тирмизи, ән-Никах – №1087 хадис.
[2] Құран Кәрім: «Рум» сүресі, 21 аят.

Абдусамат Қасым