Әссәләмуалейкум, ұстаз! Әйел адам үйде жүргенде күйеуінің киімін киіп жүруіне бола ма? Хадистегі тыйымды «әйел еркектікін, еркек әйелдікін мүлдем киюге болмайды» деп жалпылама түсінсек дұрыс па? Айдар
|
Әйел адам өз үйінде жүргенде күйеуінің киімін киіп жүруіне бола ма?
|
Уағалейкум әссәләм, Айдар! Еркек әйелдің, әйел еркектің киімін киюден тыйған хадис жалпыға ортақ. Сахаба Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.у) ер кісілердің киімін киген әйелді және әйел кісілердің киімін киген ер кісілерді лағынеттеген»[1]. Сондықтан да, зәру жағдайлардан тыс, әйелі үйдің ішінде болса-дағы ер кісінің киімін кимегені дұрыс. Неге десеңіз, әйел кісі үйінде де ерінің алдында барынша әйелдік биязылығын, нәзіктігін сақтап қалуға талпынуы тиіс. Ал, ер кісілердің киімі - әйел затына тән әйелдік нәзіктікті жасырады. Көшедегі боянып-сыланып жүрген қыз-келіншекті көрген отағасы, үйіне келгенде, өз әйелін де сондай әдемі түрде көргісі келетінін қаперден шығармаған дұрыс.
[1] Әл-Хәким: әл-Мүстәдрак – Китабул атъима - №3087 хадис.