«Алия» мен «Ғалия» есімдерінің айырмашылығы бар ма?
«Алия» мен «Ғалия» есімдерінің айырмашылығы бар ма?
4 ай бұрын 1805 фото: ЖИ

Сәлеметсіздер ме! «Алия» және «Ғалия» есімдері жайында білейін деген едім. Екеуі де арабша екені белгілі. Бірақ екеуі бір сөз бе, әлде бөлек атаулар ма? Алия.

Сәлеметсіз бе!

Аталмыш екі есімнің екеуі де арабша қыз есімдері болып табылады. Екеуі екі бөлек есімдер. Бірі – «айн» әрібімен басталса, екінші «ғайн» әрібімен басталады. Мағыналары да әртүрлі:

  • Алия есімінің араб тіліндегі нұсқасы – عالية(Ъалия). Қыз есімі. Мағынасы: жоғары мәртебелі, биік деңгейлі, сыйлы, қоғамда орны бар әйел деген ұғымда. 
  • Ғалия есімінің араб тіліндегі нұсқасы – غالية (Ғалия). Қыз есімі. Мағынасы: асыл, қымбат, аса құнды, ерекше деген мағыналарға саяды.

 

Абдусамат Қасым