«Әмин» деп балаға есім қоюға бола ма?
«Әмин» деп балаға есім қоюға бола ма?
27 күн бұрын 1323

Ассалямуалейкум! «Әмин» деп ұл балаға ат қоюға бола ма екен? Мағынасын ашып бере аласыз ба, өтініш! Рахмет.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Балаға «Әмин» деп ат қоюға болады. «Әмиин» есімінің мағынасы: «сенімді», «мәрт», «аманатқа қиянат етпейтін», «қиянат жасамайтын адам» деген мағыналарға саяды. Мұсылманша есімдердің бірі. Ертеректе оны есім ретінде де, лақап ат ретінде де адамға қоятын. Ардақты Мұхаммед пайғамбарымызға (с.а.у.) пайғамбарлық келмей тұрғанда, лақаб аты "әмин" болатын. Жұрт Оның (с.а.у.) сенімді, әрі, кісіге қиянат қылмайтын қасиетіне қарап «Әмин» деп атап кеткен еді. Содан бері ол Мұхаммед пайғамбардың бір есімі ретінде белгілі.

Осы тұрғыда ескерте кетелік: бұл есімді дұға жасалғанда «әмин» немесе қазақша «әумин» дейтін сөзбен шатастырмау керек, екеуі екі түрлі сөз. Біздің тілде жазылулары бірдей болғанымен, түпнұсқасында мағыналарында да, жазуында да айырмашылық бар.