Балға «Нәби» деп ат қоюға бола ма?
|
Балаға «Нәби» деп ат қоюға бола ма?
|
Бисмилләһи, уәссәләту уәссәләму аля Расулилләһи.
«Нәби» атауы араби және діни сөз. Мағынасы: «пайғамбар» деген ұғымға саяды. Соңғы пайғамбар - Мұхаммед саллаллаһу алейһи уә сәлләм. Одан (с.а.у.) кейін пайғамбар келмек емес. Ал, балаға «нәби» деп қойған жағдайда, оны «пайғамбар» деп атаған боламыз, бұл мәкруһ, ұнамсыз әрекет. Аталмыш атаудың араб тілінде әртүрлі мағыналары болғанымен (мысалы, төбе, жол, пайғамбар), негізгі қолданылу нысанасы «пайғамбар» ұғымы. Сондықтан да, балаға лаж болса «нәби» деп қоймаған абзал. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?