Әссәләму алейкум! Банктің акциясын алуға бола ма?
|
Дінде банк акциясын сатып алуға рұқсат етілген бе?
|
Бисмилләһ. Уассәләту уәссәләму аля Расулилләһ.
Ислами емес банктердің акцияларын сатып алуға және сатуға дінде рұқсат жоқ, өйткені дәстүрлі банктердің негізгі табыс көздері «өсім» (риба) болғандықтан, акцияларын сатып алып, үлескер болу харам, күнә іс. Одан бөлек, Ислами банктердің акцияларын сатып алуға болады. Сондай-ақ, негізгі табыс көзі адал болып табылатын компаниялардың да акциялары адал. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!1
1 «Акция» жөнінде толығырақ мына жазбаны оқи аласыз: Доктор Юсуф әл-Қардауи: «Акция сатып алудың діндегі үкімі»
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?