Ассалаумалейкум! Мен бір адамнан қарызға кітап алып едім ол кісі қайтыс болды, енді сол қарызды кейін калған отбасына берсем қарыздан құтылған болам ба? Қияметке қалып қоймай ма? Ринат.
|
"Бір адамнан қарыз алған едім, ол мархұм болып кетті, кімге қайтарамын?"
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Дін ғалымдарының айтысына қарағанда, мархұмнан көзі тірісінде қарыз алған адам, қарызын мархұмның мұрагерлеріне тапсыруы тиіс. Өйткені, мархұмның басындағы дүниелері мұрагерлеріне өтетіндіктен, оның алашағы да соларға өтелуі керек. Сондықтан да, бақилық адамның туыстарын тауып (әйел, бала-шағасы, ата-анасы немесе бірге туған бауырлары), солардың қолына табыстауыңыз керек. Ғаламтор жайлаған бұ заманда туыстарын табу қиынға соқпас деген ойдамыз. Алла баршамызға екі дүние бақытын сыйласын!
Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?