Ер кісілердің тағатын күміс жүзігі қанша грамм болуы керек?
Ер кісілердің тағатын күміс жүзігі қанша грамм болуы керек?
8 жыл бұрын 8462

Әссәләмуғалейкум! Мұсылман адамға күмістен неке жүзігін тағуға бола ма? Және қанша грамм болуы тиіс?  Азамат Ғабдуллин

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Әйгілі хадис кітаптарында орын алған риуаятта, бір ер кісі Пайғамбарымыздан «Сақинаны қандай заттан тағайын?» деп сұрайды. Оған Алла елшісі: «Күмістен тақ. Және салмағы бір мисқальды толтырмасын», - деп жауап береді[1]. Бір мискаль шамамен 4 (төрт) граммға сай келеді.

Осыған қарағанда тағатын күміс жүзігіңіздің салмағы 4 граммнан аспағаны абзал. Тақуалық тұрғысынан да, ысырапқа кетіп қалмау жағынан да ең абзалы осы. Осыған орай, Ханафи кітаптарында «ер кісілердің тағатын күміс сақинасы «бір мисқальді» аспау керек» делінген[2]. 

Әйтсе де, жүзігіңіздің салмағы аталмыш мөлшерден асып тұрса да күнәсі жоқ. Өйткені, хадисте көрсетілген мөлшерді «міндетті» деп қарамау керек – дейді хадистің түсіндірмесінде. – Оны тақуалық тұрғысынынан қарап, ысырапқа кетіп қалмау үшін ең абзалы деп түсінген дұрыс[3].


[1] Әбу дәуді - №4223.; Тирмизи; ән-Нәсәи.  Хадис хасан.
[2] Ибн Ғабидин: Раддул мухтар – 9/520 бет.
[3] Алиюль Қари: Мирқатуль Мафатих – 8/253 бет. 

Абдусамат Қасым