Ерлі-зайыптыларға арналған сұрақ (18+)
Ерлі-зайыптыларға арналған сұрақ (18+)
5 ай бұрын 2797

Сұрағым: ерлі-зайыптылар бір-бірін қолмен қандыруларына бола ма? Жыныс мүшесін ұстауға, бір-біріне (мастиубация) жасауына бола ма?

Қадірменді сұрақ сұраушы, алдымен айта кетелік дін ғалымдарының көбі «истимна» (мастурбация) жасауды "харам" деп есептеген (не харамға жақын мәкруһ). Тек зина жасап қою қауіпі туындаған жағдайда ғана, өзінің нәпсісін тежеу үшін истимнаға рұқсат делінеді1. Әрине, өз нәпсісін тежеудің ең тиымды жолы үйлену немесе ораза ұстау.

Ал енді әйелінің қолымен истимна жасауға келсек, оған ғалымдар рұқсат дейді. Мысалы, Шәфиғи ғалымы Зәкәрия әл-Ансари (миләди 1420-1520 жыл) былай деген: «Ер адам өзінің әйелінің немесе күңінің қолымен истимна жасай алады...»2. (Айта кетелік: аталмыш ғалымның заманында құлиеленушілік бүкіл әлемде рұқсат болатын, сол себепті де ескілікті кітаптарда күң мен оның қожайыны арасындағы қарым-қатынас жиі айтылады, қазіргі таңда құлиеленушілік жоқ).

Ханафи ғалымы Алауддин әл-Ъаскәфи (миләди 1616- 1677 жылы) былай дейді:

«Ер адам өзінің әйеліне, не, күңіне өзінің мүшесімен ойнауға рұқсат беріп, соның салдарынан мәни бөлінсе, ол мәкруһ болады, одан басқа (тәъзир жазасы) керек емес»3.

Ғалымның осы сөзіне түсіндерме жазған Ибн Ғабидин былай деп өтеді:

«Ашық түсінікті болғандай: бұл жердегі «мәкруһ» сөзі – жеңіл мәкруһті білдіреді...» дейді де, сөзінің соңында: «Біз оразаның бұзылуы бөлімінде «Миъраж» кітабынан мына ақпаратты келтірген болатынбыз: «өзінің әйелінің немесе күңінің қолымен истимнә жасауға болады»4 - деген".

Осы мәліметтерден түсінетініміз: өзінің некелі адал жарының қолымен истимнә жасаудың күнәсі жоқ, ерікті амал.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


1Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр» - «истимнә» тарауы.
2Зәкәрия әл-Ансари әш-Шәфиғи: «Әснәль Мұтолиб шәрху раузит Толиб».
3«Дурруль Мұхтәр»: Истимнә.
4Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр» - «истимнә» тарауы.

Абдусамат Қасым