Монша кешенінің шомылмайтын кеңсе, массаж секілді бөлмелерінде намаз оқыса бола ма, бірнеше сағатқа келгенде? Зелімхан.
|
Моншада намаз оқуға бола ма?
|
Моншаның шомылуға арналмаған таза бөлмелерінде намаз оқуға болады, тіпті орын болмай жатса, киім шешетін жерінде уақыты кірген намазын оқып алған абзал. Ханафи ғалымдарының кейбірі моншада намаз оқуды мәкруһ санағанымен, моншаның таза жерінде намаз оқып алуды мубах санағандар да бар, бастысы – таза орын және түрлі бейнелерден ада болмағы ләзім.
Бұған қатысты Ханафи фиқһ кітаптарында былай делінеді:
«Моншада намаз оқуға келер болсақ, егер моншада суреттер ілініп тұрса, намаз оқу мәкруһ. Сурет болмаса, таза жерінде намаз оқу мәкруһ емес. Айтушыларға қарағанда Бұхараның ғалымдары моншада намаз оқитын болған екен және жамағатпен оқитын болған»1.
1Сәмәнақи: «Хизәнәтуль Муфтиин». Намаз бөлімі. Құран оқу тарауы.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?