Кішкене балаға көз тимеу үшін қандай дұға оқыса болады?
Кішкене балаға көз тимеу үшін қандай дұға оқыса болады?
7 жыл бұрын 30833

Сәлеметсізбе! Сіздерден сұрайын дегенім, жаңа туған сәбиге немесе кішкентай балаларға көз тиюден қорғанатын сүре, дұғалар бар ма? Болса, жазсаңыз. Раxмет. Айтжан. 

Сәлеметсіз бе, Айтжан!

Көз тиюден және түрлі жын-шайтандардың кесірінен сақтау үшін кішкене балаға мына дұғаны оқуға болады:

«Уғи́зукә (қыз баласы болса «уғизуки») бикәлима́тиЛла́һит тә́ммә́ти мин кулли шайта́нин уә һә́ммәтин, уә мин Кулли айниль Лә́ммә».

(Екпін белгісі бар әріптерді созып дыбыстайсыз).

Мағынасы: «Сені түрлі жын-шайтанның, түрлі зиянкестің (мысалы: микроб, вирус, паразит, зиянды жәндіктер) және әр түрлі жаман көздің кесірінен сақтасын деп, Алланың кәміл сөзіне сыйынамын».

Аталмыш дұғаны Ибраһим пайғамбар өзінің балалары Исхақ пен Исмаилге (ғ.с.) оқыған екен. Одан кейін Мұхаммед пайғамбар да (с.а.у.) оны өзінің екі немересі Асан мен Үсенге (Хасан мен Хусейн) «Аталарың оқыған дұға» деп, оқитын болған[1].   

Бұнымен қатар, «Фалақ» пен «Нас» сүрелерін оқыса болады. Бұл қос сүре – дуалаушының дуасына, жаман көзге, жын-шайтандардың зардабына қалқан. Алла елшісі осы қос сүрені өзге дұғалардан гөрі көбірек оқитын[2]. Сондықтан да, балаларыңызға аталмыш қос сүрені де оқып, дем салсаңыз (үпірсеңіз) болады.

Фалақ сүресі

Бисмилләһир Рахманир Рахиим

(1) қуль әъууз̃у бираббиль фәләқ

(2) мин шәрри мә́ халәқ

(3) уәмин шәрри ға́сиқин из̃ә́ уәқаб

(4) уәмин шәррин нәффә́с̃ә́ти фииль ъуқад

(5) уәмин шәрри хә́сидин из̃ә́ хәсәд

Нас сүресі

Бисмилләһир Рахманир Рахиим

(1) қуль әъууз̃у бираббин нә́с

(2) мәликин нә́с

(3) илә́һин нә́с

(4) мин шәррил уәсуә́силь ханнә́с

(5) әлләз̃ии юуәсуису фии судуурин нә́с

(6) минәл жиннәти уәннә́с


[1] Имам Бухирдің хадистер жинағы.
[2] Имам Тирмизидің хадистер жинағы. 

Абдусамат Қасым