Өзіңізге бір сұрағым бар еді: Қазір жасым 24-те. Яғни, мүшел жасқа келдім. Көбісінің айтатыны: «өзіңе ең қатты ұнайтын бір затыңды беруің керек» - дейді. Демек, бұл садақа беру керек деген сөз ғой?
|
Мүшел жасқа толдым. Садақа беруім керек пе?
|
«Мүшел жасқа толған адам садақа берсін» деген шариғат бұйрығы жоқ[1]. Дегенмен, Аллаға шүкіршілік ету мақсатында, яки Жаратушы өміріңізді ұзартсын деген оймен садақа таратып жатсаңыз, оныңыз дінге терес емес. Себебі, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір хадисінде:
«Шынында, мұсылман кісінің берген садақасы - өмірін ұзартып, жүздеген жамандықтан сақтайды. Сондай-ақ, Алла тағала садақа арқылы адамдағы менмендік пен өркөкіректікті жояды», - деген.[2]
[1] "Мүшел жас" жайында қосымша мәлімет білгіңіз келсе: http://www.islam.kz/kk/questions/januya/otbasy/mushel-jas-jaiynda-din-ne-deidi-368/#gsc.tab=0
[2] Имам Табарани, Муъжамул Кәбир - №13518 хадис.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?