«Отбасыма алған азық-түлікті өзім де жейтін болсам, ол қалай садақа саналады? Осыны түсінбеймін»
«Отбасыма алған азық-түлікті өзім де жейтін болсам, ол қалай садақа саналады? Осыны түсінбеймін»
5 ай бұрын 1230

Ассаламуалейкум! Сізге кояр сұрақ бар еді? Садақаның ең жаксысы үйге жакынына жұмсалғаны деген баргой. Мысалы, мен түскен ай сайынғы айлықтан үйге продукт алып келуім ол садака есебінде болса, сол әкелген продуктіден өзім де жесем, ол калай садака болады? Әлде өзің акелген продуктыны жемеу керек пе, себебі садака есебінде саналса, сол жағы калай? түсіндіріп жібересіз бе! Түсінбей тұрғаным, өз берген садақадан өзің жейсің бе, деген сұрақ туындап тұр. Әлде бөлек қорларға беру керек пе, дәл садақа болу үшін.

Әлхамдулилләһ. Уәссәләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, садақа деген, қайырымдылық үшін және сауап үшін берілетін ақшалай, не, заттай көмек. Садақаны беретін жерлер көп. Бүкіл жақсы іске атсалысып берілген ақшаның бәрі садақа. Сауап үшін берген әрбір тиініңіз садақа ретінде жазылады. Сол сияқты, үйге, отбасыңызға жұмсаған ақшаңыз да садақа болып есептелетіндігі хадисте ашық айтылған1.

Ал мысалы, үйіңізге алған азық-түліктен өзіңіз де жесеңіз, садақа болмай қала ма? Отбасыңыздың нәпақасына жұмсаған ақшаңыз, сол мезетте, сіз үшін «садақа» болып жазылып қойды. Одан кейін, ол азық-түліктен өзіңіз де жеуіңіз «садақа» сауабын жоймайды. Тек, өзіңіз жеген бөлігі үшін сізге қосымша тағы да сауап жазылмауы мүмкін, ал бірақ өзге отбасы мүшелерінің ол азық-түліктен жегені үшін сізге қосымша тағы сауап жазылады. Тіпті жегендері қорытылып, сыртқа шыққанша, азық-түлікті алушыға сауабы жазылып жатады. Демек, үйге азық-түлік алғаныңыз үшін бір сауап жазылады, оны бала-шаға жегені үшін екінші сауап жазылады екен. Бата жасағанда «ішкен-жегеніміздің сауабы тие берсін...» деп неге айтылады? Өйткені, адамдардың жегені үшін, жегізген адамға сауап болады деген сөз.

Алайда, осы тұрғыда, ысырап деген құндылықты да ұмытпау керек. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырап қылмаңдар!» - деп бұйырады.

Сондай-ақ, шамар-шарқыңызша өзге жерлерге де садақа беріп тұруды ұмытпаған абзал. Садақа үйге береке кіргізеді. 

Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


1«Мұсылман адам сауап үшін өзінің отбасының нәпақасын қамтамасыз етсе (нәпақасына ақша жұмсаса), онысы ол үшін садақа болып есептеледі». («Сахих Бұхари»).

Абдусамат Қасым