«Талақ» сөзі «масдар» сөз болғандықтан, «талақ бол» деп айтса «байын талақ» туындайды дейді, сол рас па?
«Талақ» сөзі «масдар» сөз болғандықтан, «талақ бол» деп айтса «байын талақ» туындайды дейді, сол рас па?
2 жыл бұрын 2957

Саламатсыз ба! Масдармен айтылған талақ байн талақ бола ма? Солай патуа айтты бізге.

Сәләметсіз бе!

Алдымен айта кетелік: араб тілінде «Талаақ» сөзі «масдар» болып саналатындықтан, ол сөз араб тілінің ерекшелігі тұрғысынан алғанда - бір талақты да, үш талақты да білдіруі мүмкін, ал оның нақты қайсысын білдіретіндігін білуіміз үшін айтушының ниетіне қараймыз: егер айтушы «үш талақ ету» ниетімен «талаақ» деген болса, ол - үш талақ, ал ондай ниетте айтпаған болса – бір талақ. Сауалыңыздағы «масдармен айтылған талақ байын талақ болады» деген сөздің төркіні осында жатыр. (Масдар деп - араб тілінде етістіктен жасалған есімдікті айтады.)

Алайда бұл араб тілді ұлттарға қатысты деуге болады. Біздің тілге қатысы жоқ. Оның үстіне, Ханафи ғалымдарынан Имам Тахауи «Таләәқ» сөзі масдар болып табылса да, ниетке қарамайды деген тұжырым білдірген. Яғни, ниеті үш талақ болса да «талаақ» деп айтылған жағдайда ол бір талақты білдіреді деген сөз.

Ендеше, күйеуіңіз «талақ бол» деп айтқан болса, онысы «байын талақ» емес, «рижғи талақты» білдірмек, яғни, бір талақ. Егер одан бұрын «екі рет» талақ айтпаған болса, некелеріңіз бар1. Ал «масдармен айтылса...» деген мәселеде біріншіден – айтушының ниеті қаралады, екіншіден – ол ереже көбіне араб тілді ұлттарға қатысты деуге болады. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

1) Байн талақ - "үлкен байн" және "кіші байн" талақ болып бөлінеді. Үлкен байн талақта қайта қосылу мүмкіндігі жойылады. Кіші байн талақтан кейін - әйелдің ризалығымен қайта неке жаңартуға мүмкіндік бар. Рижғи талақ - үш хайыз уақыты ішінде қайта татуласуға мүмкіндік бар, неке жаңартпайды.

Абдусамат Қасым