Ұйықтап жатып «талақ» деген болса, онысы талаққа санала ма?
Ұйықтап жатып «талақ» деген болса, онысы талаққа санала ма?
7 жыл бұрын 4538

Мынандай сурагым бар: адам ұйықтап жатып "развод" деген-демегенін білмейді. Кейін әйелінен "саған развод деп айттым ба?" деп сұрайды. Бірақ, әйелі ондайды естімегенін айтады.  Осыған жауап айтыңызшы, толығырақ?  Нұржан

Құрметті Нұржан, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің асыл сөздерінің бірінде былай деген:

«Үш адамға үкім жүрмейді (күнә жазылмайды): Ұйқыдағы адамға, оянғанға шейін. Жас балаға, ер жеткенге шейін (балиғатқа толғанға дейін) және есі ауысқан адамға, айыққанға шейін»[1].  

Осыған орай, «Фәтәуә әл-Һиндия» атты Ханафи фиқһ кітабында мынадай үкім орын алған:

«Есі кірген болса да жас баланың талағы талақ емес. Сондай-ақ, жынданған адамның, ұйқыдағы адамның, психикалық ауруға шалдыққан адамның, естүссіз талып қалған адамның, қатты сасқаннан не айтып, не қойғанын білмей есі ауып қалған адамның да айтқан талағы – талақ боп саналмайды»[2]. 

Ендеше, ұйықтап жатып "талақ" немесе "развод" сөзін айтқан болсаңыз, әйеліңіз естісін, мейлі, естімесін оныңыз "талақ" боп саналмайды.   

[1] Тирмизи - №1423 хадис.
[2] Фәтәуә әл-Һиндия – 1/387 бет.

Абдусамат Қасым