Кесілген аяқ, қолды не істеу керек?
Кесілген аяқ, қолды не істеу керек?
9 ай бұрын 2711

Ассаламу'алейкум! Сұрағым: егер адам ота жасатқан жағдайда, аяғын немесе басқа дене мүшелерін кесіп алып тастайтын болса, сол ағзаларды не істейді? Көмеді ме? Әлде сақтап қоя ма? Моргтерде сақтап беретін кісілер бар екен, қалай сактайтынын білмеймін. Қазақстандағы осы мәселеге қатысты қандай пәтуа берілген және шет елдегі мұсылмандардың ұстанымынан хабар берсеңіз! Рахмет, Алла разы болсын!

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Шариғат түсінігінде адам баласы қадірлі жаратылыс. Алла Тағала адам баласын өзге мақұлықаттан артық қылып жаратқан[1]. Адам баласы қалай қадірлі болса, оның ағзалары да құрметке лайықты. Қорланбау керек. Сондықтан да, шариғат үкімі бойынша адамның кесілген дене мүшелері (мысалы, аяқ, қол, саусақ т.б.) жай матаға оралып, ыңғайлы бір жерге көміледі. 


[1] Расында біз адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды құрылықта да, теңізде де алып жүрдік (құрлықта да, теңізде де жүрулері үшін міністерді бағындырдық). Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Һәм оларды жаратқандарымыздың көбінен едәуір артық қылдық». («Исра» сүресі, 70 аят).

Абдусамат Қасым