Қан құюдың (переливание крови) Ислам дініне терістігі бар ма?
Қан құюдың (переливание крови) Ислам дініне терістігі бар ма?
5 жыл бұрын 4493

Ассаламуалайкум! «Родители отказываются переливать кровь дочери из-за религии: у нее переломы» делінеді. Бұл жаңалықтардан шығып тұр. Қан құйдыруға болмай ма сонда? Асқат. 

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Қан құюдың Ислам дініне еш терістігі жоқ. Қан құюды дінге теріс дейтін мұсылмандар емес, Егова күәгерлері мен адвентистер (христиан дініндегі тармақтардың бірі). Олар өздерінің киелі кітаптарындағы «қаннан аулақ болыңдар» деген бұйрыққа бағынып, қан құйдырудан бас тартады екен[1].

Ислами тұрғыдан қарағанда қан құйдыру – медициналық қажетті емшара. Ол көбіне көп қан жоғалтқан адамға жасалып жатады. Дінімізге қайшы тұсы жоқ. Тіпті, әлдебір мұсылман қан құю қажет бола тұра, одан бас тартса, осылайша өміріне қауіп төндірсе, онысы діни тұрғыдан қарағанда күнә саналады. Неге десеңіз, Алла Тағала Құран кәрімде: "Өз-өздеріңді қауіп-қатерге итермелемеңдер" деген[2]


[1] www.jw.org/kk/
[2] Бақара сүресі, 195 аят. 

Абдусамат Қасым