Ассаләмуғалейкум! Дәрет алғаным есімде, бірақ бұзылған не бұзылмағанын білмесем, дәрет жаңалайм ба? Серік.
|
Дәрет алғаным есімде, бірақ бұзылған не бұзылмағанын білмесем, дәрет жаңалайм ба?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Дәрет алғаныңызды білсеңіз, бірақ одан кейін дәреттің бұзылған не бұзылмағаны есіңізде болмаса, яғни, білмесеңіз, дәретіңіз бар боп есептеледі. Бұл жағдайда дәрет жаңалау шарт емес. Себебі, дәрет алғаныңыз нақты, алайда бұзылғаны белгісіз, күмәнді.
Ал, мысалы, керісінше дәретіңіздің нақты бұзылғанын білесіз, бірақ одан кейін дәрет алдыңыз ба, жоқ па, білмей тұрсаңыз үкім қалай болады? Ол кезде дәрет алу керек болады. Себебі, дәретіңіз бұзылғанын нақты білесіз, алайда одан кейін дәрет алған-алмағаныңыз белгіз, күмән бар. Мұндайда нақтылық таңдалады.
Ереже бойынша, нақтылық – күмәнмен жойылмайды.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?