Ассаламуғалейкум! Менің сұрағым: дәрет алуға да, таяммум соғуға да мүмкіндік болмаса, намазды қалай оқиды?
|
Дәрет алуға да, таяммум соғуға да мүмкіндік болмаса, не істейді?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Имам Ағзам Әбу Ханифа бойынша, дәрет алуға су және таяммум соғуға таза жер жынысына жататын зат таппаған мұсылман қашан табылғанша намазын оқымай тұрады. Оның шәкірті Имам Әбу Юсуф (р.а.) болса, ондай кезде намазын ыммен оқиды дейді1.
Ендеше, кімде-кім түрлі жағдайлармен дәрет алуға су таба алмаса немесе су бар болғанымен қол жетімсіз болса және таяммум соғуға да жер жынысына жататын зат табылмаса, яки, табылғанымен таяммум соға алмаса, ол кезде дәрет алуға немесе таяммум соғуға мүмкіндік туғанша намазын қоя тұрады.
1Бүрһәнуддин ибн Мәзә: «әл-Мұхитуль Бұрһәни» - Таяммум.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?