Жұлдырған тісім қанап тұр, намазды қалай оқимын?
Жұлдырған тісім қанап тұр, намазды қалай оқимын?
3 жыл бұрын 14442

Ассаләмуғалейкум! Бір сұрағым бар еді. Бүгіт тіс жұлдырдым. Бірақ сол орны әлі қанап тұр. Дәрет қалай алынады? Досанбай Елжас.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Тіс жұлдырғаннан кейін тістің орны қанап тұрса, уақыты кірген намаздың ақырғы бөліміне дейін кідіресіз (мұстахаб уақыт аяқталғанға шейін). Оған дейін қан тоқтамаса, ауызды шайып тастап, тістің орнына таза мақта қойыңыз да дәрет алып намазыңызды оқып алыңыз. Келесі намаз уақыты кіргенде, тағы солай ауызды шайып, таза мақта қойып дәрет алыңыз да намазды оқыңыз. Алла қабыл етсін!

Абдусамат Қасым