Кіші дәретте су қолдану шарт па?
Кіші дәретте су қолдану шарт па?
10 жыл бұрын 56382

 Әссәләмуғалейкум! Кыстың кезінде Ішкі дәретті аларда су қолданып жүрмін. Алайда күнның суықтығынан қауыптенем. Сіздерге сұрағым:  кіші дәрет сындырған сайын сумен тазалану міндет па, әлде көрсетілген жеңілдік бар ма? Алдын ала рахмет!

Уәғалейкум әссәләм! Әжетқанада әжетін өтегеннен кейін тазалануды шариғатта «истинжа» дейді. Истинжа деп, екі жолдан шыққан нәжісті дәрет қағаз немесе кесек, яки су қолдану арқылы тазалануды айтамыз. Истинжада су қолдану - сүннет амалына жатады. Деседе, нәжіс шыққан жеріне жайылатын болса, су қолданып тазалау - уәжіп.[1].

Сондықтан да, егер сіз кіші дәрет сындырғаннан соң зәр жән-жағына шамамен алақанның ойығындай көлемде жайылмайтын болса, сізге су қолданбастан дәрет қағазымен шектелуге рұқсат. Әрине, кіші дәреттен соң да мүмкіндікке қарай су қолдану - тазалық жағынан да, сүннетке сай амал ету тұрғысынан да абзал. Бірақ, шарт емес. Пайғамбарымыз (с.а.у.) әжетін өтегеннен соң кейде су қолданса, кейде кесекпен шектелетін.

Ал, үлкен дәреттен соң су қолдану керек. 

Ескерту:

Осы тұрғыда айта кететін маңызды мәселе, ішкі дәрет алғанда мұсылман бауырларымыз барынша денсаулыққа назар аударғандары дұрыс. Әсіресе, қыс мезгілінде, күн суық кездері ішкі дәретте су қолдану денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да, зәр сындырғаннан кейінгі истинжада мына үш нәрсені естен шығармауымыз керек:

  1. Тек белгілі жағдайда ғана истинжада су қолдану уәжіп болмақ (мысалы, үлкен дәреттен кейін немесе зәр жайылған жағдайда), ал көбіне үкімі – мұстахаб. Яғни, су қолдану қолайсыз кезде кіші дәрет сындырғаннан соң дәрет қағазымен де шектелсек жеткілікті. (Бірақ, әйел кісілер мүмкіндігінше су қолданғандары жөн).
  2. Су қолданған жағдайда да барынша жылы су қолдануға зейін қою керек.   
  3. Әуреттің тек нәжіс шыққан жерін ғана жуса жеткілікті, айналасын жуудың қажеті жоқ (әсіресе, ер кісілер, алайда, дәрет сындыру барысында айналасына шашыраған жағдайда шашыраған жерлер жуылуы керек). 

[1] Абдуллах бин Махмуд әл-Маусулий, Ихтияр ли тағлилиль Мухтар, 1-том, 121- бет.
    Асғат Мухаммад Сағид ас Сағиржи, әл фиқһуль ханафи уә әдилләтуһу, 1-том, 40-41 беттер.

Абдусамат Қасым