Мәсіге қатысты үш сұрақ
Мәсіге қатысты үш сұрақ
8 жыл бұрын 10561

- Мәсінің қонышы тобықтан биік болуы керек пе? Биіктігінің өлшемі қанша?

- Мәсінің қонышы ең аз дегенде тобықты жауып тұратындай болуы шарт. Қонышы тобықтан төмен келетін мәсілер жарамсыз.

- Мәсінің замогы тобықтан төмен ағытылған жағдайда дәрет бұзыла ма?

- Аяқтың кішкене үш саусағының (біріккендегі) көлеміндей ағытылған болса, мәсіге тартылған мәсих бұзылады. Бұл жағдайда дәретті адам тек мәсіні шешіп, екі аяғын ғана жуып кисе, дәреті жоқ кісі толық дәрет алып барып, мәсіні киеді.

- Мәсінің замог жағынан кішкене су кірсе, мәсих бұзыла ма?

- Аз мөлшерде кірген су тартылған мәсихті бұзбайды. Алайды, аяқ дымқылданып, суланардай көп мөлшерде кірген су мәсихты бұзады. Бұл жағдайда да мәсіні шешіп, аяқты жуу керек.      

Абдусамат Қасым