Мәсімді шешкеннен кейін аяғымдағы жарақаттың беті ашылып кетіпті, намаздарым не болды?
|
Мәсімді шешкеннен кейін аяғымдағы жарақаттың беті ашылып кетіпті, намаздарым не болды?
|
Әлхәмдулилләһ. Уассәләту уәссәләму аля Расулилләһ.
Егер, аяқта жара болып, мәсі кисе, одан соң бірнеше намаз оқып, артынан мәсіні шешкен кезде жараның беті ашылып кеткенін және қан аққанын байқаса, мәсінің үкімі бұзылады. Және де жарақаттың қашан қанағанын білмейтіндіктен, Ханафи ғалымдарынан Шейх Имам Әбу Бәкір Мұхаммед ибн Фазлдың (рахимаһуллаһ) тоқтамынша:
- Егер жарақаттың беті құрғап тұрса, бұл жағдайда сол мәсі кигеннен былай оқыған намаздарын қайта оқу керек. Мысалы, таң намазынан кейін киіп, құптан намазынан соң шешді делік, ол кісі сол күнгі таң намазынан өзгесінің қазасын өтеуі тиіс.
- Ал егер (мысалы, құптаннан кейін шешкен кезде) жарақаттың бетінен қан ағып тұрса, оқыған намаздары саналады, қайта оқымайды1.
1 «әл-Фәтәуә әл-Һиндия»; Махмұд ибн Ахмәд ибн Мәзәһ: «әл-Мұхитуль Бұрһәни». 1\182 бет.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?