Жүзіктер бар ғой, жануардың суреттерімен, арыстан, жылан деген сияқты, солармен де намаз оқуға бола ма?
|
Тірі заттың мүсіні бар сақинаның намазға кедергісі бар ма?
|
Әлхамдулиллә. Уассаләту уәссәләму аля Расулиллә.
Сақинадағы, жүзіктегі жан-жануарлардың мүсінінің намазға кедергісі жоқ. Сахаба Әбу Мұса әл-Әшғаридің (р.а.) екі масаның мүсіні бейнеленген сақинасы болған екен. Және де Даниял пайғамбардың да сақинасында екі арыстанның мүсіні салынған. Оның үстіне, сақинадағы мүсіннің көлемі кішкене болғандықтан, намазға кедергісі жоқ1. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
1 Имам әл-Кәсәни: «әл-Бәдәиъу».
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?