Қан тапсыру дәретті бұза ма?
Қан тапсыру дәретті бұза ма?
2 жыл бұрын 6388

Ассаламуалейкум! Қан тапсырса дәрет бұзыла ма? Аяу.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Қан тапсыру деген –  қанның ағу арқылы сыртқа шығуы болып саналатындықтан, қан тапсыру да дәретті бұзады. Қан тапсырған кісі намазға тұратын кезде дәретін жаңалағаны жөн. Бұл - Ханафи мәзхабы негізінде айтқанда. Ал Шәфиғи мәзхабында қан тапсыру дәретті бұзбайды. Енді осы орайда, кейбір оқырман "мұндағы қан шприцке толады, сыртқа ақпайды, сол себепті дәрет бұзылмаса керек" деуі мүмкін. Ондай сауалға былай деп жауап беруге болады: Ескі ханафи фиқһ кітаптарында: "Егер сүлік адамның бір ағзасынан қанын сорып, іші қанға толса, дәрет бұзылады" делінген. ("Фәтәуәл Һиндия", 1\13). Шприцтің  ішіне қанның толуы мен сүліктің ішіне қанның толуы арасында айырмашылық жоқ.

 

Абдусамат Қасым