Сәлеметсіздер ме! Сіздерден сұрағым келгені: Кейде күннің суығында немесе ауырып тұрғанымда суды қолдануға мұршам болмайды. Сол жағдайларда таяммум алайын десем, қандай нәрселерге аларымды білмеймін, себебі жердің бәрі қармен жабылып тұрады. Сұрақ: Қандай заттарға таяммум соғуға болады? Баян
|
Қандай заттарға таяммум соқсам болады?
|
Сәлеметті болыңыз Баян ханым! Шамамен екі шақырымдай ұзақтықтағы суға жете алмаса немесе науқастанып тұрса, әлде күннің суықтығынан қауіптенсе не су алатын ыдыс табалмаса және тағы осы сияқты қиындықтар себепті суды қолдана алмаған жағдайда, «жер жынысына» жататын барлық затқа таяммум соқса болады.[1] Жер жынысы деп – отқа жанбайтын және ерімейтін барлық жер тектес заттарды айтамыз.[2] Мысалы, шаң-тозаң, топырақ, тас, кірпіш, таза бетон, әктас, цемент т.б. .
Ал ағаш, шөп, темір, айнек, пласмас, резинка сиякты отқа жанатын заттар мен еритін заттар жер жынысына жатпайды. Сондықтан бұларға таяммум соғу дұрыс емес.
[1] Маусули, Ихтияр, 1-том, 81-бет.
[2] Әл Кәсәни, Бадайғ, 1- том, 339 бет.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?