Айнаға қарап намаз оқуға бола ма?
Айнаға қарап намаз оқуға бола ма?
8 жыл бұрын 17249

Үйде намаз оқитын жерімде, қарсы алдымда айна тұрады. Былайша айтқанда, намазымды айнаға қарсы тұрып оқып жүрмін. Бұл дұрыс па?

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Пайғамбарымыз (с.а.у) намаз оқып тұрғанда киіміндегі өрнектерге көзі түсіп, намаздан кейін: «Мына киім жаңа ғана намазымда көңілімді бұзды. Оны Әбу Жәһмге апарып, одан бір түсті киім алып келіңдерші»[1], – деген екен. 

Демек, намаз оқып тұрғанда адамның көңілін аударатын, ойын бөлетін нәрселер "мәкрүһ" болып саналады[2]. Айнадағы бейнеңіз де намазда тұрғанда ойыңызды бөліп, көңіліңізді аударатындықтан, оған қарап намаз оқу да мәкрүһ. Дегенмен, намаз бұзылмайды. 

[1] Бухари, Китабус Сала – 366 хадис.
[2]Туһмәз, әл Фиқһуль Ханафи – 1/233 бет.

Абдусамат Қасым