Сәлеметсіз бе! Менің бір сұрағым бар еді. Ақшам намазында қаза болған намазды оқуға болмайды дейді сол дұрыс па? Гүлрух.
|
Ақшам намазында қаза намазды оқуға бола ма?
|
Сәлеметсіз бе! Ақшам намазының уақытында қаза болған намаздың қазасын өтеуге болады. Мәселен, ақшам намазы енді кірген болса, оның алдында қаза болған асырды өтеп алып, одан кейін ақшамды оқығаны абзал. Бірақ, ақшам намазының кіргеніне біраз уақыт өтіп, дала қараңғыланып қалған болса, ақшамды оқып, одан кейін қазаны оқығаны жөн. Демек, ақшам намазының уақытында қаза намазды оқи беруге болады, оның зияны жоқ. Қаза намаздар мына үш уақытта оқылмайды:
- Күн шығып жатқанда (найза бойы көтерілгенге дейін).
- Күн дәл төбеде болғанда (таптал-түсте, бесін уақыты кіргенге дейін).
- Күн қызарып батып жатқанда (ақшам намазының уақыты кіргенге дейін).
Осы үш уақыттан өзге уақыттарда қаза намаздар оқыла береді.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?