"Асырды өз бетімше оқыдым, кейін имамға ұйып тағы оқыдым. Дұрыс па?
"Асырды өз бетімше оқыдым, кейін имамға ұйып тағы оқыдым. Дұрыс па?
5 ай бұрын 1912

Сәлеметсіз бе! Біз мешітке екінті намазын оқуға барды. Кейін имам азан шақырды да, екінтіні бастамады. Біз өзімізше 4 ракат парызды оқып кеттік, енді оқып болып едік имам келіп қайта оқыдық. Бұл сонда дұрыс па, бұрыс па? Имам неге бірден бастап кетпеді және әйел адам имамға қалай дұрыс ұйып намаз оқуы керек?

Әлхамадулиллә. Уассаләту уәссәләму аля Расулиллә. 

Құрметті сауал жолдаушы, сіздің жағдайда өзбеттеріңізше оқыған асыр намаздарыңыз парыздың орнына жүреді, ал артынан имамға ұйып оқыған намаздарыңыз болса, сіздердің жағдайда «нәпіл» намаз ретінде есептеледі. 

Алайда мына мәселені айтпай кетуге болмайды: асыр намазының парызынан кейін нәпіл намаз оқу мәкруһ. Сондықтан да, егер, уақыты кірген асыр намазын өзбетіңізше оқып қойғандай болсаңыз, артынан имаммен қосып қайта оқымаған абзалырақ, себебі, ол намаз нәпіл намаз болып саналатындықтан, сіз асырдың парызынан кейін нәпіл намаз оқыған болып тұрсыз, ал бұл «мәкруһ» үкімін тудырады. Бұл үкім асыр мен таң намазына ғана қатысты, ал өзге намаздарда оқып қойған намазыңызды қосымша имамға ұйып, қайталап оқи бересіз, мәкруһ болмайды. Әлхамадулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым