"Аттахият" пен "салауатты" оқып үлгермей жатып имам сәлем берсе, не істеу керек?
"Аттахият" пен "салауатты" оқып үлгермей жатып имам сәлем берсе, не істеу керек?
11 ай бұрын 3196

Ассаляму алейкум! Жамағатпен намаз оқу барысында имам сәлем берерде, үйіп тұрған адам «аттахиятты» немесе «салауатты» оқып бітпеген болса, бітірмей имаммен бірге сәлем беруі керек пе, жоқ әлде «аттахият» немесе «салауатты» оқып болып сәлем бергені дұрыс па?

Әлхамдулилләһ. Уассәләту уәссәләму аля Расулилләһ!

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, егер «аттахият» дұғасын толық оқып бітірмей жатып имам сәлем беріп жатса, сіз «аттахият» дұғасын толық оқып барып, сәлем беріп аяқтайсыз. Өйткені, аттахиятты оқу уәжіп.

Ал, мысалы, «салауатты» оқып жатқаныңызда имам сәлем берсе, сіз салауатты келген жеріңізден үзіп, имамға ілесіп сәлем беруіңіз керек, ол кезде салауатты соңына дейін оқымайсыз, өйткені имамға ілесу - уәжіп, ал салауатты оқу - сүннет. Сүннетті орындау үшін, уәжіпті тәрк етуге болмайды1.


1  Саманақи әл-Ханафи: «Хизанатуль Муфтиин».

Абдусамат Қасым