Сәлеметсіз бе! Бес уақыт намазымыз болмаса да, таһәджуд намазын оқуға бола ма екен? Алдын ала рақмет!
|
«Бес уақыт намаз оқымасам да, тәһәжжуд намазын оқысам бола ма?»
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Сәлеметсіз бе!
Құрметті сауал жолдаушы, «тәһәжжуд» намазын болса да оқимын деген талпынысыңыз қуантарлық жағдай. Тәһәжжуд намазы, сіз үшін бес уақыт намазды бастауға алғашқы қадам болар деген үміттеміз. Дегенмен «тәһәжжуд» намазы дұрыс саналу үшін мына екі шартын ескергеніңіз абзал:
- 1) Бір ұйықтап тұруыңыз керек. Түн ортасында ұйқыдан оянып, дәрет алып оқисыз.
- 2) Құптан намазын оқыған болу керек. Түнде тұрғаннан кейін алдымен ең аз дегенде құптанның төрт рәкәғаттық парызын оқыңыз да, одан кейін екі рәкәғаттық «тәһәжжуд» намазына тұрсаңыз болады. Сонда ол тәһәжжуд намазы болып саналады.
Тәһәжжуд намазының сауабы орасан зор. Нәпіл намаздардың арасындағы ең ұлығы - тәһәжжуд намазы делінген.
Алла қабыл етсін! Әлхамдулилләһи Раббиль Аләмин!
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?